Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылыс барысымен танысты

c 16:00, 03/03/2020 c 500

Бүгін БҚО-ның әкімі  Ғали Есқалиев облыс орталығындағы өткен жылы құрылысы басталған №51 ЖББОМ жұмыс барысымен танысты.  Жоспар бойынша білім ордасы 2021 жылдың бірінші тоқсанында тапсырылуы тиіс. Алайла мердігер құрылыс компаниясының өкілдері жұмысты ерте аяқтаймыз деп отыр. Айта кетейік, 900 оқушыға есептелген мектептің құрылысы өткен жылдың маусым айында басталған болатын. Бүгінде Зашаған кентінде 69 мыңнан астам тұрғын бар. Шағын аудандарда орналасқан №30, №10, №47 мектептерде оқушылар үш аусыммен оқуда. Осы түйіткілді мәселені шешу бағытында салынып жатқан білім ошағының құрылысына 1 миллиард 731 миллион теңге қаржы бөлінген. Жаңа ғимаратта тас қалау жұмыстары аяқтала келген. Қазір ішкі жөндеумен қатар жарықтандыру, жылу жүйесін тарту жұмыстары атқалылуда. Жоспар бойынша мектеп келер жылдың алғашқы тоқсанында пайдаланылуға берілуі керек болса, мердігер компания құрылыс жұмыстарын ширатып, осы жылдық қыркүйек айында қолданысқа бермек ниетте.  Алайда облыс әкімі құрылыста  сапаға  бас мән беруді мердігер компания басшылығына тапсырды.  Жетпіс мыңға жуық тұрғыны бар Зашаған кенті үшін бұл мектеп керек ақ.Биылғы оқу жылының басында пайдаланылуға беріледі деп межеленген су жаңа нысанға қаладағы №38 мектеп көшіріледі деп жоспарланған. Аталған мектептің директоры Шынар Сағынғалиеваның айтуынша, бүгін білім ошағында 300 оқушы білім алса, соның 180-і осы Зашаған кентінен қатынайды екен. Мектептің жалпы аумағы төрт гектарды құрайды. Үш қабаттан тұратын, 12 мыңнан астам шаршы метрді құрайтын оқу ғимаратының бірінші қабатында киім ілуге арналған орын, асхана мен шеберханалар орналаспақ. Ал  екінші, үшінші қабаттарда кітапхана мен оқу залдары, оқу сыныптары мен спорт зал орналаспақ.Облыстық білім басқармасы берген мәлімет бойынша аталған 900 орындық мектепті пайдалануға берген жағдайда екі аусыммен 1800 баланы біліммен қамтымақ. Жалпы өңірімізде сегіз мектеп үш аусымда жұмыс жасаса,12 білім ошағы күрделі жөндеуді қажет етеді екен. Айтылған мектептерді күрделі жөндеу немесе жаңасын салу жұмыстары алдағы уақытта да біртіндеп шешімін таппақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.