0:00 / 0:00
Қазақстанда коронавирус тіркелген жоқ. Дегенмен Қазақстан әлемнің 60 еліне тараған коронавирустің алдын-алу шараларын күшейтіп жатыр. Бүгін осыған қатысты Үкіметтің арнайы отырысы өтіп, Б жоспары ұсынылды. Қауіпті індет елімізге келген жағдайда, науқастарды емдеу шаралары қамтылады. Өзге елдермен әуе қатынастары шектеледі. 1 наурыздан бастап денсаулық сақтау министрлігі санитарлық эпидемиологиялық бақылауды күшейтудің төртінші сатысына көшті. Бірінші санаттағы елдер қатарына Қытай, Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Италия, Гонконг, Тайвань және Макао кіріп отыр. Осы елдерден келген азаматтар міндетті түрде 14 күнге карантинге жатқызылады, ауруханадан шыққаннан кейін тағы 10 күн дәрігердің бақылауында болады. Ал вирус шыққан басқа елдерден келгендер тұрғылықты жері бойынша 14 күнге карантинге жабылады. Өз кезегінде премьер министр Асқар Мамин коронавирустың елде таралуына жол бермес үшін министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді.
Әлем халқын алаңдатып отырған, дәл қазір дауасына емі жоқ коронавирус тіркелмеген деген мәліметке көпшілік сенбей отыр. Тіпті әлеуметтік желіде елде коронавирус тіркелген, үкімет жасырып отыр деген ақпараттар тарай бастады. Халықтың үрейін ұшырған мұндай хабарламаларды бас дәрігер жоққа шығарды.
Қауіпті індет әлемнің 60 еліне тарады. Соның ішінде коронавирус тараған Қытайды айтпағанда, жақын Қырғызстанда тіркеліп отыр. Үкімет қауіпті індет тіркелген жағдайда Б жоспарымен жұмыс істемек.
Қазақстан үшін қауіпті болып отырған елдерде 95 мыңнан астам азаматымыз бар. Жамана йтпай жақсы жоқ демекші, елде қаупіті індет тіркелген жағдайда әуе қатынастары шектелмек.
Өз кезегінде Үкімет басшысы, құзырлы органдар мен әкімдерге коронавирустың алдын-алу шараларын күшейтуді тапсырды.
Жалпы әлем бойынша 87 мыңнан астам адам қауіпті індетті жұқтырды.