Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бағдарламадағы өзгерістер

c 16:57, 28/02/2020 c 695

0:00 / 0:00

2020 жылдан бастап "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы үйді несиеге рәсімдейтін ережеге өзгерістер енді. Жаңа талаптар бойынша пәтер кезегінде тұрған жандар ғана мемлекеттік бағдарлама арқылы баспананы несиеге рәсімдей алады. Биылғы жылдан бастап тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама сатылы деңгейде жұмыс жасап, баспана мұқтаждығын азайтпақ.

2020 жылы БҚО "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының аясында 10 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілмек. Баспана кезегінде тұрған жандардың тұрғын үй мәселесін шешуге арналған бағдарламаны орындау үшін қазынадан 11 млрд. теңгедей қаражат бөлінген. Көп қабатты тұрғын үйдің 8-і Орал қаласында бой түзесе, Бөрлі ауданына қарасты Ақсай қаласында екі үйдің құрылысы аяқталмақ.

Елімізде 2020 жылдан бастап тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығын дамытуға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының шарттары өзгерді. Енді мемлекеттік бағдарлама сатылы деңгейде жүзеге аспақ. Бағдарламаның бірінші сатысында жалдамалы пәтерлер сатып алу құқығынсыз әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға берілмек. Бағдарламаның екінші сатысы "Бақытты отбасы" деп аталады. Аталмыш бағдарлама 2018 жылдан бері жұмыс жасап келеді. "Бақытты отбасыға" көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылар мен жалғыз басты аналар қатыса алады. Былтыр республика бойынша аталмыш бағдарламаны іске асыру үшін 50 млрд. теңгедей қаражат қарастырылған болатын.

Енді бағдарламаның үшінші сатысына тоқталсақ. Ертеректе, "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшылары мен әкімдіктің есебінде түрлі категория бойынша пәтер кезегінде тұрған азаматтар тиімді шарттармен несиеге рәсімдей алатын еді. Бірақ, биыл бағдарламаның шарттары өзгерді. Жаңа талаптар бойынша бағдарламаға тек пәтер кезегінде тұрған жандар ғана қатыса алады.

Ал енді баспана кезегіндегі ешбір категорияға енбейтін, бірақ "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшысы болып табылатын азаматтар қалай пәтер ала алады деген сұрақ туындайды. Сала мамандары бірінші "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы пәтер кезегінде тұрған жандар арасында конкурс ұйымдастырылады. Кейін, олардан артық қалған пәтерлер болса ғана банктің салымшылары несиеге рәсімдей алады,-дейді. Сондай-ақ басқа несиелік бағдарламалар арқылы да баспанаға қол жеткізу мүмкіндіктері бар. Облыс көлемінде барлық тұрғын үйдің құрылысын арнайы "Map.stroy-bko.gov.kz сайтынан бақылап, салынып жатқан нысан туралы ақпарат алуға болады.

 

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.