Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Данияр Есин азаматтық қоғам белсенділерімен кездесіп, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасын таныстырды.Басқосуда Данияр Есин бейбіт жиналыстың негізгі қағидаттары белгіленгенін хабарлады. Жиын зорлық-зомбылық сипат алып кетпеуі, заңды болуы керек. Мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке, нұқсан келмеуі тиіс. Адамдардың құқығы мен бостандығы сақталуы, денсаулығына залал келмеуі, жиынға ерік түрде қатысуы назарға алынады. Бейбіт жиын өткізуге болатын арнайы орындарды анықтау заң жобасында қарастырылған. Тәртіп бойынша белгіленген орында инфрақұрылым нысандарын ұйымдастырушылар мен қатысушылардың пайдалану мүмкіндігі, санитарлық ережелердің сақталуы, адамдар қауіпсіздігі қаматамсыз етіледі.Президент тапсырмасына сәйкес жиын өткізетін орын «қала шетінде» емес, елді мекендердің орталық алаңында болады. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Данияр Есин арнайы орындарды анықтау бейбіт жиын өткізу мәдениетін арттыруға, еркін пікір білдіру алаңының қолжетімді боулына, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал ететінін айтты. Қатысушылар пікірлері де жан жақты болды. Заң жобасында жергілікті өкілетті құрылым белгілеген орында екі жүз елуден аз адам қатысатын пикет, митинг, жиын үшін хабарландыру тәртібі бекітілген. Белгіленген мерзімде жергілікті құрылым хабарландыруға жауап бермеген жағдайда бейбіт жиынды өткізуге болады есептелінеді. Ал екі жүз елуден астам адам қатысқан шеру, демонстрация, митинг үшін жергілікті атқарушы құрылымның келісімі қажет. Пикет өткізу хабарландыру тәртібі негізінде қарастырылатын болады. Айта кету қажет заң әлі толықтай күшіне енген жоқ. Әзірге тыңдалым ғана.