0:00 / 0:00
Биылғы жыл Қазақстанның білім беру саласы үшін 2 маңызды құжаттың жүзеге асырылуымен ерекшеленді. Атап айтқанда еліміздегі білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың басталуы және «Педагог мәртебесі туралы» Заңының қолданысқа енуі болып отыр. Заң бойынша енді педагогтарды кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға, заңнамада көзделмеген есептілікті, не ақпаратты талап етуге , сондай-ақ көзделмеген тексерулер жүргізуге жол берілмейді. Жоғарыда аталған олқылық орын алса, ӘҚТК 409-бабы бойынша кінәлі тұлға ескерту түрінде жауапкершілікке тартылады. Әрекеттер бір жыл ішінде қайта қайталанса, кінәлі тарапқа 20-дан 120 АЕК мөлшерінде айыппұл салынбақ. Заңда материалдық ынталандыруға қатысты бөлік ерекше айшықталған. Енді орта мектептің мұғаліміне ғылыми - педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы төленбек. Бұдан бөлек, жергілікті ақарушы органдар АЕК-тің 300 еселенген мөлшерінде сыйақы түрінде қосымша ынталандыру төлемдерін белгілеуге құқылы. Дәптер тексергені үшін және сынып жетекшілікке тағайындалғаны үшін де 2 еселенген қосымша төлем қарастырылып отыр. Ал, педагогтің аса үздік жетістіктері және ҚР сіңірген айрықша еңбегі үшін оған "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы беріледі. осы атаққа ие болған педагог АЕК-тің 1000 еселенген мөлшерінде біржолғы төлем алады.«Педагог мәртебесі туралы» Заң аясында Әдеп жөніндегі кеңес құрылып, білім беру ұйымдарында педагогикалық әдепке қатысты мәселер сол кеңесте қаралмақ.