0:00 / 0:00
Биыл облыстық балалар және жасөспірімдер туризм және экология орталығының жұмыс жасағаны 60 жыл толады. Көп жылдан бері өскелең ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып келе жатқан орталықтың өзінде 700 оралдық оқушы білімін шыңдауда. Бүгінде аталмыш орталық 5 бағыт бойынша жұмыстанып келеді.
Биыл батыс қазақстандық балалар мен жасөспірімдер туризмі 60 жылдық мерей тойын атап өтеді. Туризм орталығы Орал қаласында жұмысын өткен ғасырдың 60-шы жылы бастаған. Содан бері аталмыш нысан оқушылар арасында өлке тарихын түгендеп, Ақ Жайықтың көрікті жерлерін аралатып, туризмның дамуына үлес қосып келеді.
Балалар мен жасөспірімдер арасында туризм мен экологиялық тәрбиеге баулып келе жатқан орталық алғаш қызметін экскурсия жүргізуден бастап, 1961 жылдан бастап жаяу туризді дамытуды қол алған. Туризмнің өткені орталықтың музейінде жасақталған.
Бүгінде бес бағыт бойынша жұмыстанып жатқан орталықтың оқушылары республикалық, облыстық байқауларда топ жарып жүр. Болашағынан көп үміт күттіретін оқушының бірі -Бибінұр Санақ. Ол үш жылдан бері тауға өрмелеумен айналысады.
Сала мамандары бес бағыт бойынша туризмді дамытып келеміз. Ең қиыны біздің өлкемізде тау-тас болмағасын тауға өрмелейтін туризмді дамыту қиынға соғуда,- дейді.
Биыл алпыс жылдық мерей тойын тойлайтын туризм орталығы білім беру процесін жалғастырып, туризмді дамытуға атсалысқан жандарды марапаттап, келешектегі жоспарды бекітуге арналған үлкен шараны ұйымдастыруды жоспарлап отыр.