0:00 / 0:00
Қытымыр қыстан ес жия алмай жатқанымызда, көктемнің тосын сыйы күтіп тұр. Биыл қардың шамадан тыс түсуіне байланысты елімізде 609 елді мекенді және 657 автомобиль жолын, 259 темір жолды су басу қаупі тұр. Бұл жайында бүгін өткен Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Су тасқынының алдын алуға төтенше резервтен 34 млрд теңге бөлінетін болды. Министрлер мен әкімдер биыл жағдай күрделі деп күрсінді.
Биылғы қыстың саршұнақ аязын сезбесек те, толассыз жауған қары мен бораны ес жиғызбады. Қытымыр қыстан шығып, көктемге жетеміз деп отырған қазақстандықтарды еріген қар суы әлекке салатыны сөзсіз. Жағдай мәз емес. Төтеншеліктердің болжауынша 600-аса елді мекенді су басу қаупі тұр. Автокөлік жолдар, теміржолдарды су басып, жол қатынасы тоқтауы мүмкін. Ауыл түгілі қалалардың өзінде қар көп. Ауа-райын болжаушылар күн тез жылып, еріген қар суы әлекке салады деп отыр. Бұл орайда, әкімдерге қала, ауыл ішіндегі қарды тазалап, сыртқа шығару жұмыстарын тездету тапсырылды. Экология министрі жағдай күрделі дейді.
Тасқын судың алдын алу үшін жергілікті жерлерде дайындық жұмысы басталып та кетті дейді министр Тұрғымбаев. Су тасқынымен күреске төтенше резервтен 34 млрд теңге бөлінді. Су басқан жерден адамдарды көшіру үшін 2 мыңға жуық бекет дайын екен. Төтенше жағдайда қажет шараның бәрі жасалып жатыр деп сендірді министр. Дегенмен, су тасқынының алдын алу жұмыстарын орындамай отырған облыстар да бар екен. Батыс Қазақстан, Қызылорда , Шығыс Қазақстан, Пауладар облыстарының әкімдіктері бұл шараға қаражат бөліп те жатқан жоқ дейді Ерлан Тұрғымбаев. Ал қар қалың түскен өңірлерлерде жағдай қиын.
Ерлан Тұрғымбаев – ҚР ішкі істер министрі; «Биыл қыс қарлы болды. Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласында жағдай қиын боп тұр. Су тасқының алдын алу шаралары қолға алынып жатыр. Күн бірден жылынып кетеді деп отыр»
Қарлы қалаға айналған Нұ-Сұлтанда көктемде 37 орынды су басу қаупі тұр. Коммуналдық қызмет қаланы әлі де қар құрсауынан тазалап бітпей жатыр. Ал Қазгидрометтің болжауынша алдағы 2-3 күнде ауа-райы +3 градусқа жылып, жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ болады. Жел күшейеді. Елорда әкімі көктемнің әлегіне сайланып алдым деп отыр.Тіпті тік ұшақ сатып алыпты.
Ішкі істер министрінің есебіне назар аударсақ, елегі барлық ірі су қоймалары да еріген қар суын қабылдауға дайын емес. Қар күрт еріп, авариялық жағдайда су жіберілсе, маңайдағы елді мекендерді су басады.