Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көлік иелері неге наразы?

c 17:32, 24/02/2020 c 437

0:00 / 0:00

Соңғы апталарда шетелдік нөмірмен жүрген көліктерге қатысты дау-дамай қыза түсті. Орал қаласында Абай алаңына шыққан жүргізушілер үкіметтен шетелдік нөмірлі көліктерін қазақстандық тіркеуге тегін қоюды талап етті.Бүгін шетелдік нөмірлі көліктерін тізгіндегін 50-ге жуық көлік иесі Абай алаңына шығып уәждерін жеткізді. Жаңа тәртіптің енгізі­луіне автокөлік иелері неге қарсы? Мұны өздерінен сұрап көруді жөн сана­дық. Тұрғындардың пікі­рінше, барлық мәселе баға мен сапада бол­са керек. Олар барлық азаматтардың бір­дей Қазақстанда жинақталатын темір тұлпарды сатып алуға қалталары көтер­мейді, сол себепті жылжымалы мүлік­ті сырттан алуға тура келеді дейді.Мәселен жаңа тәртіп бойынша облыста 5 шетелдік автокөлік сары нөмір иеленіпті.Дәлірек айтқанда, Ішкі істер министрлігінің жаңа талабы әртүрлі пікірге арқау болды. Бұл тәртіпке сәйкес, Қазақстанға сырттан әкелінген темір тұлпарлар тіркелуі қажет. Бұлай болмаған жағдайда, тіркелмеген көлікті тізгіндеген азаматтарға айыппұл салынып, уақытша тұрақ аумағына қойылады. Жаңа ереже Армения, Ресей, Беларусь және Қырғызстаннан әкелінген көліктерге қатысты енгізілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.