0:00 / 0:00
Оралда екі адамды 13,5 млн теңгеге отырғызып кеткен «Гарант 24 Ломбард» ЖШС филиалының директоры ұсталды. Бүгінде оның үстінен алаяқтық бабы бойынша іс қозғалған.БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, екі адамнан аталған ЖШС-ға қатысты шағым түскен. Қос арыз бойынша келтірілген шығын 13,5 млн теңгені құрады. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігіне алаяқтық фактісіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.Осыған дейін Алматыда «Гарант 24» және «Estate» ломбардтарының директорлары ұсталған болатын. Ал Атырау мен Ақтөбелік алданған тұрғындар жаппай наразалық шараларын ұйымдастыруда.