Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да қазақ күресінен облыстық іріктеу турнирі өткізіліп, республикалық додаға баратын палуандар анықталды

c 00:00, 18/05/2015 c 1004

0:00 / 0:00

Қазақ хандығының 550 жылдығына орайластырылып "Қазақстан барысы" атауымен ұйымдастырылған дүбірлі додаға ел көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі тігілді. Қазақ күресінің облыстық іріктеу турнирі шаһарымыздағы жастық алаңында өткізілді. Алаңда 2 бірдей киіз үй тігіліп, жандарына ер қанаты саналған қамбар ата төлі қазыққа байланған. Осылайша ұйымдастырушылар турнирге қазақы болмыс, жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлауды жоспарласа керек. Төбет иттер қорғап жатқан 2 үйде палуандар орналасып, сахнада жергілікті әртістер өнер көрсетті. Күш атасын танымас. Алаңға шыққан қатысушылардың қай-қайсысы да "сен тұр, мен атайын", - дегендер. Шапан киіп, иықтарына қасқырдың терісін жамылған палауандар әр қарсыласының жеңген сайын оның иығындағы теріні олжалайды. Турнирге 82 келі салмақтан бастап, 18 бен 34 жас аралығындағы палуандар қатысып отыр. Шаршы кілемдегі күрес нәтижесінде Сырым ауданынан келген 34 жасар Еділ Үсенов алтын белдікке ие болды. Ал Олжас Сүлейменов 2ші орынды, Шыңғырлаудың палуаны Ерлан Мұсағалиев 3ші орынды місе тұтты. Ұлттық өнермізді насихатайтын шара - Отанмызда қазақ күресінің кең көлемде дамуына жол ашып, мықты палуандардың танылуына мүмкіндік береді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.