0:00 / 0:00
Негізінен жеңіл атлетика, спорттың ең кең таралған түрі болып есептеледі. Ол әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру сынды сайыстардан құралған. Жарыс ұйымдастырушыларының пайымдауынша, ашық алаңда оздырылған бұл чемпионатқа барлығы 130-дан астам спортшы қатысуда. Бүгінгі додада желаяқшылар 100, 1000 және 1500 метр қашықтыққа уақытқа жүгіріп, бірінші болып келулері тиіс. Қатысушылардың айтуынша, олар аталмыш бәйгеге бір айдан астам уақыт дайындалған көрінеді. Жеңіл атлетикадан оздырылған облыстық чемпионат екі күнге созылмақ. Нәтижесінде жеңімпаз атанған спортшылар мамыр айынының соңында Шымкент қаласында өтетін республикалық додаға жолдама алатын болады.