0:00 / 0:00
Бұл жолғы жерлестеріміздің қарсыласы-Оңтүстік Қазақстанның "Мақтарал" командасы болатын. Алғашқы есепті "Ақжайықтық" Марушко Матич ашса, артынша екінші ауысымда Оңтүстік оғландары есепті теңестіріп, матчты аяқтады. Осы кездесуден соң "Ақжайық" турнир кестесінің 6-шы қатарынан орын тепкенін айта кетейік. Шаһарымыздағы бас команда бүгінде футбол кубогы шеңберіндегі "Ақтөбемен" болатын кездесуге дайындықтарын пысықтауға кірісіп отыр. Естеріңізге саламыз, жалынды жанкүйерлерін ерте келетін меймандармен арадағы ойын 29-сәуір күні сағат 17:00-де өз алаңымызда өтеді.