0:00 / 0:00
Бүгін темір жол бекетінде мойындарына алқа таққан бір топ жас пойыздан түскен мезетте арна тілшілеріне қуаныштарын жеткізді. Олардың ішінде шаңғышылар туризм бойынша Қарағанды қаласында өткен жарыста, ал мүмкіндігі шектеулі балалар Павлодар қаласында болған волейбол турнирінде жоғары жетістікке жетіп отыр. Қарағанды қаласында шаңғышылар арасында өткен республикалық жарыста аймақ абыройын Ақжайық ауданының жастары қорғап келіп отыр. 7 облыстан шыққан командалар арасынан батыстықтардың топ жаруы туризмнің аймақта жақсы дамығандығына дәлел боса керек. Шаңғышылар додада жеке, техникалық, командалық негізде өнер көрсетіп, алтын алқа мен кубокты қоржындарына салып оралды. Орал қаласына аялдаған бұл пойыз өңкей жеңімпаздарды тиеп келіпті. № 15 мектептің оқушылары да республика деңгейіндегі волейбол жарысынан 1- орынды еншілеп қайтыпты. Біз арнамыздың атынан спорт саңлақтарына үлкен жетістіктер мен жеңістер тілейміз. Алар асулары биік болғай.