Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Лайнерде қазақстандық балалар бар

c 18:45, 18/02/2020 c 738

0:00 / 0:00

Жапония жағасында карантинге жабылған лайнердегі қазақстандықтарды елге қайтару мәселесі қаралып жатыр. Жер шарын алаңдатып отырған қауіпті індет-короновируске қатысты  5 ақпанда Жапонияның жағасында Diamond Princess круиздік лайнері карантинге қойылғанды. Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, сол лайнерде төрт қазақстандық бар, оның екеуі 8 бен 12 жастағы балалар.  Жалпы лайнер бортында 3 700 адам бар. Бүгінгі күні кемеде 454 адам індетке шалдықты. Қытайдың денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, короновирусты  жұқтырғандар саны 72 мыңнан адамнан асты, оның 1мың 800 –і осы індеттен көз жұмды. 13 мыңға жуық адам  емделіп шықты.

Жапониядағы коронавирус тараған лайнердегі қазақстандықтарды елге қайтару мәселесі қаралып жатыр. Еліміздің бас дәрігері  Елжан Біртанов карантинге жабылған лайнердегі  қазақстандықтар коронавирус жұқтырмағанын айтады. Алып кеме 5 ақпан күні  карантинге жабылғанды. Ол  19 ақпанға дейін жалғасады. Жапония жағасындағы лайнерде 4 қазақстандық бар. Екеуі 8 бен 12 жастағы балалар.

Министрлік өкілінің айтуынша, лайнерде қамалып отырған адамдарға каютадан шығуға, кеме ішінде ары-бері жүруге тиым салынған. Жалпы лайнер бортында 3 700 адам бар. Оның  454 –і қауіпті індетке шалдықты. Халықаралық ауыр атлетика федерациясының мәліметінше, қауіпті індеттің өршуіне байланысты ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстырылып отыр.  Еске сала кетейік,  коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан Қытаймен шектесетін елдерден жолаушыларға кіруге және шығуға шектеу қойғанды. Қазақстан үкіметі індеттің алдын алу шараларына 1,6 млрд теңге бөлгені мәлім.

Қытайда короновирусты  жұқтырғандар саны 72 мың адамнан асты, оның 1800 –і осы індеттен көз жұмды. 13 мыңға жуық адам  емделіп шықты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.