Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кезек спорт жаңалықтарында

c 00:00, 20/02/2015 c 994

0:00 / 0:00

Бүгін өлкеміздегі "Самал" жүзу бассейнінде алғаш рет жасөспірімдер арасында Орал қаласының кубігі үшін су добынан халықаралық жарыс оздырылды. Челябенск, Орынбор және қаламыздағы жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері бұл спорт түрімен көп айналыспағанына қарамастан тартысты ойын көрсете білді. Су добы – суда өткізілетін командалық ойындардың бірі. Бүгінгі жарыста барлығы 7 команда қатысып, өз елінің намысын қорғап бақты. Бапкерлерді айтуынша су добы өте қиын спорттың бір түрі. Себебі бұл жерде қақпаға допты дөп түсіріп қана қоймай, сонымен суда жылдам жүзу керекті. Расыменде жас екендіктеріне қарамастан спорт саңлақтары тәжірибелері азда болсада, су бетінде балықша жүзіп, батырларша шайқаса білді. Су бетінде 5 минуттан аса қалқып жүріп, допты қақпаға жеткізу балғындар түгілі, ересектерге қиынға соқтыратыны хақ. Жарыс қорытындысы бойынша 2001-2002 жылы туған спортышлардан құралған командалар арасынан 1- орынды Челябинск қаласы еншілесе, 2000 жылғы командалар арасынан Орал қаласының жігіттері алтын медальді қанжығаларына байлаған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.