Есептік жиында облыс басшысы 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық өсуі туралы баяндап, халықтың сұрақтарына жауап береді. Есептік кездесу барысы тікелей эфирде «Aqjaiyq» облыстық телеарнасы арқылы көрсетілуде. Сондай-ақ 24 00 86, 24 00 92 Call-орталығы жұмыс жасауда.
Жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Дәурен Байтөлешев, аудан-қала әкімдері мен мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйым өкілдері, облыс тұрғындары қатысты.
2019 жылдың қорытындысы бойынша облыста жеті негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш бойынша белсенді өсу байқалады. Атап айтқанда құрылыс жұмыстарының көлемі 25 пайызға, негізгі капиталға инвестициялар 24 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер 12 пайызға, өңдеу өнеркәсібі - 9 пайызға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 6 пайызға өскен.
Сонымен қатар өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 6 пайызға төмендеген. Облыс басшысының айтуынша, бұл Қарашығанақ кен орындарының объективті технологиялық себептерге және зауыттың бір айға жоспарлы жөндеуге тоқталуына байланысты.