0:00 / 0:00
Жамбыл облысының Қордай ауданында орын алған қақтығыс арандатушылықтан орын алды. Парламент депутаттары 10 адамның өмірін қиған қазақ-дүнген қақтығысына осындай баға беріп отыр. Еске сала кетейік, ақпанның 7-і күні Қордай ауданының Масаншы ауылында жаппай төбелес болып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласты. Қақтығыс салдарынан 10 адам қайтыс болды. 140 адам жарақат алды. Тәртіпсіздіктер кейін Қордай, Ауқатты, Сортобе ауылдарында да орын алды. Бұл оқиғаға қатысты ел Президентінің тапсырмасымен үкіметтік комиссия құрылып, пермьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған комиссия Жамбыл өңіріне аттанды. Қазір комиссия сол жерде жергілікті халықпен кездесіп, сабырға шақырып жатыр.
Елді дүр сілкіндірген Қордайдағы қақтығысқа әртүрлі баға беріліп жатыр. Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, бір-біріне жол бермеген азаматтар арасында төбелес орын алып, аяғы жаппай тәртіпсіздікке әкеп соқты. Бұл жерде қазақ-дүнген ұлты өкілдері арасында жанжал шықты. Жүздеген адам жарақат алды. 10 адам қазақ тапты. 8 адам жансақтау бөлімінде жатыр Қордай ауданының бірнеше ауылында орын алған қақтығыс салдарынан, ғимараттар өртке оранды. Дүнгендер шоғырланған ауылдардан халық жаппай көрші Қырғыз еліне бет алды. Мемлекет басшысының тапысрмасымен бірден үкіметтік комиссия құрылып, Жамбыл өңіріне аттанды. Адам өлімі, бұзақылық баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. 47 адам ұсталды. Жаппай тәртіпсіздіктер барысында бес полицей жарақат алып, үшеуіне оқ тиді.Қордай ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді. Вице-премьер Бердібек Сапарбаев бастаған комиссия қазір сол өңірде жерргілікті халықпен кездесіп, қаза тапқандардың отбасына көңіл білдіріп, кінәлілер жазаланатынын айтып жатыр. Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, депутат Шакир Хахазовтың айтуынша, қазір Қордай ауданында жағдай тұрақталды. Үйлерін тастап Қырғыз еліне қашқан дүнген ұлтының азаматтары елге қайта оралған. Қазір сол өңріде жүрген депутат Хахазов өз қандастары үшін қазақ халқынан кешірім сұрады.
Шакир Хахазов – ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Мен өзімнің бауырларым, қандастарыма ашық айттым. Тәккаппарлық, басынушылық болмау керек екенін. Мұндайлар біздің арамызда бар. Әсіресе жастар арасында. Ашық айтам, бүгін мен бүкіл қазақ халқының алдында кешірім сұрадым. Дүнген азаматтарының да кінәсі бар. Тұрмыстық жағдай ақыры қайғылы оқиғаға әкеп соқты»
Депутаттар бұл қайғылы оқиғаға ұласқан қақтығыс бұрыннан қордаланып қалған мәселе дейді.
Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, депутат Мұрадов бұл жағдайды алдын-ала ұйымдастырылған шара деп бағалап отыр.
Ахмет Мұрадов - ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Бұл алдын-ала ұйымдастырылған шара.Себебі, бұған басқа өңірлерден адамдар келді. Олар қаруланған, оқиға орнынан қару-жарақ, жарылғыш заттар табылды. Топ Масанчи ауылына тап берді. Бұл үлкен қайғы».
Қақтығыс орын алған ауылдарда қираған, өртенген ғимараттарды қайта қалпына келтіру үшін үкімет резервінен қаржы бөлінбек.
Қордайдағы қақтығысқа жол бергені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы және Қордай аудандық полиция бөлімінің бастығын қызметінен босатуды. Сондай-ақ облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары және Қордай ауданының әкімін қызметінен босатуды тапсырды. Төтенше жағдай режимі жарияланғандықтан ауылдарды полицейлер мен әскерилер жіті бақылауға алған.