Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрында "Мен" қойылымының тұсаукесері өтті. Облыс орталығында екі күн қатарынан қойылған премьерада ине шаншар орын болмады. Поляк жазушысы Славомир Мрожектің "Дом на границе" атты спекталі "Мен" деген атаумен қазақша тәржімаланып, оралдық көрерменге жол тартты. Жаңа қойылымның режиссері-Данияр Базарқұлов, ал қойылымның суретшісі -Тамара Охикян болды. Хадиша Бөкеева атындағы қазақ драма театрының ұжымы осы туындымен түрлі фестивальдарға қатысуды жоспарлап отыр.