Қордайдағы жағдайға байланысты сақтық шаралары күшейтілді.
Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев сенбі күні - 8 ақпанда Алматыдағы "барахолка" базары неге жабылғанын түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Мұны дұрыс түсініңіздер. Түндегі жайтты білесіздер. Әсіресе, "барахолкадағыларды" ұрып-соғуға шақырғандар болды. Соған сәйкес сақтық шаралары күшейтілді, - деп түсіндірді министр.
8 ақпанда таңертең әлеуметтік желіде "барахолка" базарлары бос жатқаны, онда әскери техника мен полиция жүргені түсірілген видео жарияланды. "Бүгін базарға бармай-ақ қойыңыздар, санитарлық-тазалық күнін жариялапты" деп жазылған видео астына.
Посмотреть эту публикацию в Instagram