Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

24 млн теңге шығын шықты

c 21:01, 31/01/2020 c 695

0:00 / 0:00

Жемқорлардың аш-көздігінен 24 млн теңге шығын келді. Бүгін өткен жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев осылай мәлімет келтірді.Оның сөзінше, Қазақстанда мыңдаған шенеунік жемқорлыққа барғаны үшін сотталды. Ең қауіптісі жүйелік жемқорлық болып отыр.

Квазимемлекеттік секторда 300 сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталды.237 құқық қорғау органдарының қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оған қоса 7 судья сотталып, тағы 4-не қатысты тергеу жүріп жатыр. Білім саласы жемқорлыққа белшеден батқан сала болып отыр. Одан кейін ауыл шаруашылық,денсаулық сақтау саласы тұр. Көп жағдайда пара алу фактісімен қолға түседі.

Егер жоғары лауазымда отырғандар аш -көздіктен пара алса, төменгі жақта отырғандары жоқшылықтан пара алады дейді саясаттанушылар. Жалақысы 60-80 мың теңгені құрайтын шенеунікке мұндай мол ақшадан бас тарту қиын. Парақор болма деп тәрбиелеу нәтиже бермейді. Ал жемқорлар болса қалтасын толтырып алып, шетел асып жатыр.

Әрине жемқорлықтың тамырын шабу үшін шетелдік тәжірибеге жүгінуге болады.Сингапурде әр шенеунік қызметке келерде өз мүлкін декларациялайды. Осылайша табысыңды дәлелдеуің керек.

Снх Әсет Исекешев - Қауіпсіздік кеңестің хатшысы

Ал аты шулы ЛРТ жобасынан млрдтарды жымқырғандар шетелде қашып жүр, әлі ұсталмаған,іздеу жүріп жатыр. Бұл істе 10 тұлға күдікке ілініп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.