Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

10 эпизодпен сотталды

c 16:31, 30/01/2020 c 343

0:00 / 0:00

Екі адамның өмірін қиған Алексей Гиганов пен Евгений Леонтьевке сот үкімі шықты. Бірнеше мәрте қылмыс жасаған қос күдіктіге түрменің ащы дәмі таңсық емес. Өйткені олар 16 жастарынан қылмыс жасап істі болған. Бұл жолы олардың қылмысы 10 эпизод бойынша қаралып бірі 17, екіншісі 23 жылға сотталды.Екі азамат қала маңындағы бір ауылда дүниеге келіп дос болған. Алексей Гиганов бұған дейін үш рет сотталған. Оның сыбайласы Е.Леонтьев 2008 жылы 12 жылға бас бостандығынан айырылған. Мерзімінен бұрын босатылған соң тағы да істі болып, темір торға тоғытылған. Екі дос жасаған соңғы қылмыстары үшін жазаларын бірге өтеп, бірі өткен жылдың мамыр, екіншісі маусым айында түрмеден босатылған. Олардың аса ауыр қылмыстарын өтініштері бойынша алқа билер қатысуымен қаралған.Айыпталушылар 4 күн ішінде екі адамды өлтірген. Леонтьев әйел адамды ұрып өлтірсе, араға 4 күн салып Гиганов өзбекстандық азаматтың жанын алады. Е.Леонтьевке жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал А.Гиганов жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті 17 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды. Олар өздеріне кесілген мерзімді қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша қамтылған мекемесінде өтейтін болады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.