0:00 / 0:00
Дүкен сөрелердінде қаптап тұрған денсаулыққа зиянды, қанты көп сусындарға салынатын салық төмен. Тіпті алкоголь мен темекі өнімдеріне де салық өзге елдерге қарағанда әлдеқайда төмен екен. Халықаралық сарапшылар Қазақстанда адам денсаулығына зиянды заттардың қолжетімділігі осыдан болып отыр дейді. Ал кәсібін айналдырып, байып жатқан өндірушілер байып жатса, оны тұтынып жатқан халық денсаулығынан айырылуда. Қанты көп сусындарды тым көп тұтыну көптеген ауру түрлерін тудырады дейді мамандар. Елімізде жасөспірімдер арасында газдалған, энергетикалық сусындар тұтыну артып отыр.
Зиянды өнімдер семіздікке, жүрек, қан-тамырлары ауруларына, қатерлі ісікке, қант диабетіне әкеп соғады. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, Қазақстан денсаулық сақтау шығындарыда ішкі жалпы өнімнің 5 пайызын жұмсайды. Яғни жыл сайын қазынадан 2,3 трлн теңге халық денсаулығын жақсартуға кетеді. Қазақстанда жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, зиянды газдалған, энергеткиалық арзан сусындарды жасөспірімдер көп тұтынады. Және осыдан балалар арасында ауру түрлері көбейген.
Халықаралық сарапшылардың айтуынша, Қазақстанда денсаулыққа зиянды өнімдерге яғни қанты көп сусындарға, алкоголь мен темекі өнімдеріне де салық өзге елдерге қарағанда әлдеқайда төмен. Сол себепті де дүкен сөрелерінде қаптап тұрған зиянды заттардың бағасы қолжетімді.
Кейт Мандевилл - дүниежүзілік банктің денсаулық сақтау саласы бойынша бас маманы; «Алкоголь мен темекі өнімдеріне салықты кем дегенде 10 пайызға өсіру керек. Қанты көп сусындарға салықты 20 апйызға арттырған жөн. Қазақстанда осындай зиянды заттарға салынатын салық өзге елдеормен салыстырғанда тым төмен. Сол себепті де тұтынушылық жоғары».
Жергілікті мамандар адам ағзасына түк пайдасы жоқ, зияны жоғары өнімдердің қауіпті екенін мойныдайды. Тіпті Денсаулық сақтау туралы Кодексте зиянды өнімдерге салықты өсіру ұсынылғанды. Алайда, халық қамынан гөрі, өз қалтасын толтырып жатқан ірі компаниялар бұған қарсылық білдіріп отыр.
Бүгініг жиынға жиналған сарапшылар, құрамында қанты бар сусындарға салықты арттыру қоғам денсаулығы үшін және ел экономкиасы үшін тиімді деп отыр. Дүниежүзілік банк келтірген деректерге сүйенсек, Қазақстан 182 млрд теңгеге салықты көтере алады. Оған қоса темекі мен алкоголь өнімдеріне де салық өсірсе. Әзірге елімізде бұл саладағы салық көлемі төмен. Ал зиянды өнім түрлерін өндіру дамып жатыр. Әсіресе, жарнама бетінен түспейтін энергетикалық сусындар түрі тым көп.