Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Елге ел қосылса – құт

c 10:09, 29/01/2020 c 524

0:00 / 0:00

Өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісінде шеттен келген қазақтарды "оралман" деп атаудан бас тартып, "қандас" деп атауды ұсынған болатын. Президенттің бұл твиті де қоғамда қызу талқыланғаны баршаға аян. "Қандас" деген қанша дегенмен жаныңа жылу сыйлайтыны да рас.Қандас пен қазақ егіз ұғым. Осындай қандасымыздың бірі 53 жастағы Баян апамыз. Ол жұбайы және 5 баласымен Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстан елінен бір түнде көшіп келген. Негізгі мақсат - баларының туған атамекенінде өмір сүріп, еңбек етуін қалағандығы. Негізі, Қазақстанның азаматтығын алуға 6 ай толық жетеді дейді сала мамандары. «Оралмандар мен олардың отбасылары мүшелерінің уақытша орналастыру орталығында" өңірімізге табан тіргенен оралмандар тұрақтайды. Аталмыш орталықта 5 бөлме мен 10 адамға арналған төсек қарастырылған. Қандастарымыз мұнда 10 күн тұрақтап, мемлекет азаматтығын алу статусын күтеді. Атамекенге оралғандардың басты мәселесі - тұрғын үймен уақытылы қамтылуы болып отыр. Бүгінде қандастарымыз Қазақстанның барлық өңірлерінде тұрады. Олардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан облысында шоғырланған. Бұл шамамен Қазақстанда тұрып жатқан барлық оралмандардың 26 пайызын құрайды.«Елге ел қосылса – құт» екені шындық.Тәуелсіздік алғанда Қазақстандағы қазақтың үлесі небары 42 пайызды еншілеген болса, 2009 жылғы санақ бойынша қазақтың үлес салмағы 67 пайызға жеткені бейресми хабарланды. Олардың демография мен ел дамуына қосар үлесі - айрықша екені анық.

 

 

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.