Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Төтенше жағдай

c 19:06, 27/01/2020 c 679

0:00 / 0:00

Ел астанасында төтенше жағдай жарияланды. Тентек қыстың ақтүтек бораны солтүстік пен орталық өңірді есеңгіретіп тастады. Толассыз жауған қар, күшейген жел екпінінен ақталқан боран тіршілікті тоқтатты. Өткен аптадан бері бораннан көз ашпаған Ақмола өңірінде жағдай ушығып тұр. Нұр-Сұлтан қаласында Төтенше жағдай жарияланды. Бүгін алты аймақ бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.Оған, алдымен, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар және басқа да жол жабылған аймақтар кіреді.Бұл жайында еліміздің бас құтқарушысы Юрий Ильин хабарлады. Алайда азаматтар боранға қарамай жолға шығып кетіп, қар құрсауныда қалып қойып жатыр. Жексенбінің түнінде  елордаға жақын жолдардан 245 құтқарылды.

Өткен аптада 4 күн қатарынан соққан ақтүтек боран, жексенбінің кешінде жалғасын тапты. Елорда мектепетрі мен колледждерінде сабақ болмайтыны туралы хабарлама жексенбі кешке таратыла бастады. Дүйсенбі күні меткептермен қатар, жоғарғы оқу орындары да сабақты тоқтатты.  Азаматтарға жолға шықпау ескертілді. Ауа райының бұзылуына байланысты елімізде ұзындығы 4186 шақырым болатын 32 жол учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды. 6 өңірде тас жол жабылды.  Оның ішінде ең көбі Ақмола және Қарағанды облыстарына тиесілі. Алайда, алай-дүлей боранға қарамастан жолға шығып кетіп жатқандар саны жүздеген адамды құрады. Төтенше жағдайлар комитеті ел астанасында төтенше жағдай режимі енгізілгенін мәлімдеді.

Юрий Ильин – ҚР ІІМ ТЖК төрағасы; "Нұр-Сұлтан қаласы бойынша төтенше жағдай режимі жарияланды. Ол әділет басқармасында тіркеуден өтті. Бүгін алты аймақ бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысы өтеді. Оған, алдымен, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар және басқа да жол жабылған аймақтар кіреді".

Төтенше жағдай енгізуге жолдардың жабылуы, адамдардың жұмысқа, үйлеріне уақыты жете аламуы, азық-түлік пен медицина қызметтерінің тез арада жеткізе алмауы себеп болып отыр. Нұр-Сұлтан әкімдігі бұл мәліметті растап отыр. Төтенше жағдайға байланысты елордада  жұмыс кестесін қысқарту  ұсынылды

Жексенбінің боранды түніне кейін Нұр-Сұлтан қаласының көшелеріндегі қардың үйіндісі адам бойынан биік.Толассыз жауған қардың салдарынан тазалау қызметі үлгермей жатыр.  Тек автокөлік жолдарын ғана тазалап өтіп жатыр. Ал жаяу жүргіншілер опы қармен аялдамаға әрең жетуде. Қалың қардан жүре алмаған жүргізушілер көліктерін жол бйына, көшеге тастап кетіп жатыр. Әуежайда рейстер кешіктірілуде.

Қытымыр қыстың әлегінен жолынан қалған жолаушылар билеттерін ауыстырып жатыр.

Айта кету керек, қаладағы төтенше жағдайда  коммуналдық қызметтер, полицейлер, дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуін жалғастырады. Ал мектеп және колледж оқушылары үшін сабақ болмайды. Сонымен қатар жоғарғы оқу орнының студенттері үшін де сабақ өткізбеу ұсынылып отыр. Ал ауа-райы болжамы көңіл көншітпейді.

Алуа Саханова –«Қазгидромет» РМК басқарма бастығы; "Алдағы күндері, 29-30 қаңтарда солтүстік-батыс антициклоны келеді деген болжам бар. Онымен бірге жауын-шашын азаяды, бірақ күн суытады. Солтүстік, шығыс пен орталық аймақтарда түнде ауа температурасы минус 20-30 болады"

Қаңтардың басынан бері Нұр-Сұлтанда 49 миллиметр қар түсті. Негізі, бір айлық норма – 16 миллиметр. Сонда бір айда үш айлық норма түсіп тұр. Солтүстік аймақтарда дәл осындай жағдай. Кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 31 метрге дейін көрсетіп тұр дейді маман.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.