Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Вагондағы өмір

c 17:46, 23/01/2020 c 624

0:00 / 0:00

Оралдық Айнұр есімді келіншек қыстыкүні темір вагонда жан бағып отыр. Жалғыз басты ана қыстың көзі қырауда осылай жан бағып жүр. Кейіпкеріміз Бұрын тұрақты жұмысы болған кезде пәтер жалдап, ұлын жетілдірсе, қазір қалтаның көтермеуіне байланысты тегін темір вагонда қыстауға мәжбүр.

Осы темір вагон соңғы 5-6 айдан бері 42 жасар Айнұр мен оның ұлы үшін жан бағып отыратын баспанасына айналған. Тағдырдың сынына тап болған келіншек тұрақты жұмысының болмауына байланысты осы темірден жасалған вагонда қыстыкүні күнелтуге мәжбүр. . Бізбен сұқбаттастан жалғыз басты ана 3 жыл бұрын азаматтық некедегі жарымен ажырасып, кейін пәтер жалдап, ұлын өсіріп отырғанын. Жұмыстан қағылғаннан кейін, осы орынды ғаламтордан тауып, меншіктің иесімен келісіп, қазір тегін тұрып жатыр.Кейіпкеріміз вагонды электр пешімен жылытып отыр.

Жалғыз басты ананың жалғыз арманы- баспаналы болу. Ол пәтер кезегінде тұр. Бірақ, оның алдында 3000 адам бар. Кейіпкеріміз көмек сұрап, әкімдікке жолыққан. Қазір ол жұмыссыз ретінде арнайы ведомствода тіркеліпті.

Әйел адамның темір вагонда тұрып жатқандығы полиция қызметкерлері "Участок" жедел профикалық шарасы барысында анықтаған. Сала мамандары жалғыз басты ананың ұлына қарап, мектептен қалдырмайтынын айтады.

Жалғыз басты анаға азық-түлік пен киім-кешекпен көмектесетін жандар бар. Бірақ, Айнұрдың арманы баспаналы болу. Кейіпкеріміз тым болмаса жұмысқа тұрып, баламды жылы орында өсіргісі келетінін айтады. Вагонда өмір сүріп жатқан әйел адамға көмектесем деген жандар

8-707-678-19-52 нөміріне хабарласа алады.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.