0:00 / 0:00
ІІМ шетелдік нөмірлері бар автокөліктерді елден шығарып жіберу мақсатыз жоқ деп сендірді. Әрбір жүргізушіге арнайы халықа қызмет көрсету орталықтарына немесе ІІМ-нің жедел желісіне қоңырау шалу ұсынылып отыр.
Зкт: ІІМ қазақстандықтардың шетелде сатып алған автомобильдерін Қазақстанда 10 күн ішінде тіркеу қажет деп мәлімдеді. Олай болмаған жағдайда көлік иелеріне айыппұл салынады тіпті көлігініңіз тәркіленуі ықтимал. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ресейлік нөмірлері бар көліктерге шектеу қойылмайтынын айтты. Бірақ бір тәуліктен кейін министрлік оның сөздерін жоққа шығарды. Бүгін Қожаев ресейлік нөмірлері бар көлікке мінген қазақстандықтарға не істеу керектігін тағы айтты.
Марат Қожаев – ҚР ішкі істер министрінің орынбасары; «Бір жыл ішінде бұл көліктерге қазақстанда жүруге рұқсат етіледі. Бұл мерзім өткен соң авто иесі елден шығып кем дегенде 30 күн ресейде жүріп сенім хаттың мерзімін ұзартып қайтадан елге оралса болады».
Автокөлік иелері үшін полиция шет елдік нөмірлі көлікті тұтастай не қосалқы бөлшектерге сатыңыз деп кеңес беріп отыр. өйткені оң жақ рульді көліктерді тәркілеуге бәрібір рұқсат етілмейді.
Марат Қожаев – ҚР ішкі істер министрінің орынбасары; «Автоға кеткен шығынды өтеудің түрлі амалдар бар. машинаны тұтастай сату сату керек. Қосалқы бөлшектерге бөліп сатуға да болады. Және көлікті алған деріңізге қайтадан апарып беруге болады».
Өз кезегінде, қоғам қайраткері Марғұлан Сейсеймбай республикаға әкелінген барлық 170 мың автокөлікті тіркеуді ұсынды. Бұл ретте Сейсейімбайдың пікірінше, оларға салынатын баждар мен салықтар 50% - ға төмендетілуі тиіс. ІІМ митингтерге қарамастан, ымыраға келіп отырған жоқ. Бірақ мұндай көліктер бойынша арнайы рейдтер жүргізбеуге уәде берді, бөмн нөмірлі машиналар тек жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда ғана тоқтатылады.