0:00 / 0:00
Бүгін Ассамблея жанынан құрылған «Достық» клубы мен «Орал күні» волонтер ұйымының ұйымдастыруымен жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен 100- ден аса аз қамтылған және көп балалы отбасы бүлдіршіндеріне демалыс шарасы өткізілді. Тасқала, Сырым, Теректі ауданының өрендері қыс қызғына кенеліп, демалыс уақыттарын жарқын сәттермен өткізді. Көңілдері ақ қардай, қамсыз балалық шақтарында қыс қызықтарына кенелген бүлдіршіндердің қуаныштарында шек жоқ. Сырғанақ теуіп, шаңғыны аяқтарына байлаған балғындар алған әсерлерін былайша жеткізді. Балғындардың қасынан ата-аналары мен жетекшілері және дәрігерлер табылды. Ұйымдастырушылар болса алдағы уақытта мұндай шаралардың жүйелі түрде ұйымдастырылатынын мәлімдеді. Өйткені биылғы жылы еріктілер жылы деп жарияланғандықтан қайырымдылық шаралыры өткен жылдарға қарағанда көбірек қолға алынбақ.
«Берсең балаға бер демекші» бұл жолы облыс орталығана жақын орналасқан үш ауданның жеткіншектеріне көңіл бөлінсе жер аяғы кеңген соң қашық аудан балалары да демалыс орындарында асыр салады деп жоспарланып отыр.