Елімізге А гепатитіне қарсы Қытай вакцинасын әкелу уақытша тоқтатылды. Бұл туралы БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеді. Сала мамандарының айтуынша, 2020 жыл бойынша сатып алу процесі әлі аяқталмаған. Тендерге қытайлық вакцинаны жеткізушілер де қатысты. Олардың екеуі елімізге екпе әкелуге бір реттік рұқсат алды. Дегенмен вакцинаның сапасын, сәйкестігін анықтау үшін елге жеткізуге бір реттік рұқсат беру доғарылатындығын атап өтті.