Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сайлау бола ма?

c 20:27, 15/01/2020 c 850

0:00 / 0:00

Қазақстанда мерзімінен бұрын Парламент сайлауы бола ма? Бүгін Мәжіліс депутаттарын көрші елдің телеарнасы таратқан ақпарат алаңдатты. Ресейдің "Россия 24" мемлекеттік телеарнасы Қазақстанда парламенттік сайлау 2020 жылдың наурыз айында өтеді деп айтылған бейнероликті жариялады. Алайда, заңға сәйкес біздің елде сайлау 2021 жылы өтуі керек. Осыған орай депутаттардың пікірін білген едік.

Қазақстанда мерзімінен бұрын Парламент сайлауы өтеді деген ақпарат қоғамды даурықтырып қойды. Ресей арнасы Қазақстанда Парламенттік   сайлау 2020 жылдың наурызында өтеді деген бейнероликті жариялады.  Ақпарат алаңында тараған бұл жаңалықпен мәжіліс депутаттарына барғанымызда, мұны бірі естіп, екіншісі естімепті. Беймарал жұмыс істеп жатқан депутаттарды бұл сұрақ таң қалдырды. Себебі, ел ішінде болатын саяси жағдайды өзіміз білмей, көрші ел біліп отырғаны қалай дейді олар.

Осылайша журналистердің сұрағынан шошынған депутаттар әзірге жылы орнын босатуға дайын емес. Себебі, олар 5 жылға сайланған болатын. Парламенттік сайлау өткізу үшін үлкен дайындық керек. Сондай-ақ, Президенттің тапсырмасы бойынша сайлау заңына өзгерістер енгізіп, оны қабылдау жұмысы тұр. Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентке оппозициялық пікірдегі депутаттарды әкелуді тапсырған болатын. Саяси партия мүшелерінің санын екі есеге қысқарту керек. Не керек, алтыншы шақырылымдағы мәжілістің алдында жұмыс көп. Ал депутаттар ресейлік арнада тараған ақпаратқа сәйкес, екі айдың ішінде бұл жұмыстың бәрін атқарып үлгере ме? Егер парламенттік сайлау биыл өтетін болса, мәжілісті таратып жіберіп, мерзімінен бұрын сайлау өткізуге тура келеді. Алайда, Палата төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева  сайлау конституциямен бекітіліген мерзімде өтетін айтты.

Гүлмира Исимбаева – ҚР парламент мәжілісі төрағасының орынбасары; "Мен ресейлік телеарналардың не айтып жатқанына пікір білдіре алмаймын, өйткені мен оны көрмедім және естімедім де. Алайда біздің партияның саяси кеңесінің отырысында, Парламент және Елбасы, сондай-ақ Мемлекет басшысының отырысында сайлаудың конституциямен бекітілген мерзімінде өтетіні айтылды".

Заңға сәйкес елде Парламенттік сайлау 2021 жылы өтуі тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.