Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өсетін жігіт

c 20:30, 15/01/2020 c 726

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға есік жүйеден шыға алмай, шегіртке құсап бір қызметтен екінші қызметке секіріп жүрген басшылардан үлгі аламуға кеңес берді. Сондай-ақ, командамен ауысу, таныс-тамыр арқылы қызметінде өсуді тоқтатуды айтты. Бүгін Тоқаев Ақордада Президенттің кадрлық резервіне өткен 300 жаспен кездескен еді. Жастар резервіне 13 мың қатысушының 300-і іріктеліп алынды. Оның 55-іне лауазым беріліп, 100-і биыл қызмет алады. Қалғандарын қызметпен қамту жұмысы жалғаса бермек.Кадрлық резервтің мақсаты – білікті басшылардың жаңа буынын қалыптастыру және жастар үшін әлеуметтік сатының ұтымды жүйесін құру. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдар босай қалған жағдайда, президенттік резервке іріктелген жастардың кандидатурасы қаралады.

Бүгін Ақорданың іші білімді-білікті, болашаққа үміті зор, көздері жанып тұрған жастарға толы болды. Бұлар Президенттің кадрлық резервіне іріктеліп алынғанғандар. 13 мың жас қатысып, оның ішінен 300-і озып шықты. Енді олар мемлекеттік қызметтегі және ұлттық компаниялардағы лайықты деген лауазымға жайғасады. Айта кету керек, жастар жан-жақтан түскен ұсыныстан  қызметті өздері таңдайды.

Тоқаев жастарға қалыптасып қалған ескі жүйеден кетіп, жаңғыру процесіне өту қажеттігін айтты. Бұл орайда,мемлекеттік басқару жүйесіндегі "командамен ауысу" проблемасын қозғады.Ал таныс-тамыр арқылы қызмет сатысында өсуді тоқтату керек деді.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы бір қызметтен екінші қызметке секіріп жүрген басшыларды шегірткеге теңеді.

Президент алдына келген жастар өз идеяларын алға тартып жатты. Бірі экологиямен күресу жолдарын ұсынса, екіншісі кәсіпкерлікті дамыту үшін ұтымды ұсыныстарын айтты. Ал Астана халықаралық қаржы орталығында қызмет ететін Ринат осы салаға қажетті ойларымен бөлісті. Сөз соңында Ұлы Абайдың өлеңін оқып озып шығып, Тоқаевтың ризашылығына ие боп жатты.

Мемлекеттік қызметтегі жоғары әкімшілік және саяси лаузаымды орындардан үмітті жастар резервіне  әкім-қаралардың да балалары өтуге тырысыпты.

Ойы озық, білімді жастарды өз саласына тарту барысында министрліктер арасында талас болып жатқан көрінеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.