Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дамудың 17 мақсаты

c 18:53, 14/01/2020 c 1320

0:00 / 0:00

Біріккен Ұлттыр ұйымы дамушы елдердің алдына қоғамның өмір сүру деңгейін көтеру үшін 17 мақсат қойып отыр. Қазақстан да орнықты даму мақсаттарын іске асыру бойынша жұмыс бастады. Елордада өткен жиында еліміздің экономистері бас қосып, өмір сапасын көтеру жолдарын іздеді. Өткен жылы атқарылған жұмыстар қортындыланып, 2020 жылға арналған шаралар талқыланды.

Кез-келген елдің даму сапасы халықтың өмір сүру деңгейіне және енгізілген технологияға байланысты екені сөзсіз. Бүгінгі күні халықаралық деңгейде әр елдің даму сапасына баға беретін жалпы стандарт енгізілді. Бұл БҰҰ әзірлеген тұрақты даму мақсаттары. Ол 17 мақсаттан тұрады. 169 тапсырма және 242 индикатор бар. Осы арқылы адамзаттың ең өткір проблемаларын шешу көзделген. Басты мәселе кедейшілікпен күрес. Елдің тұрақты дамуы үшін, азаматтардың өмір сүру сапасы жақсаруы тиіс ғой. Ал ресми статистикаға назар аударсақ, Қазақстанда кедейшілік деңгейін төмендетіп көрсеткен. Сарапшылардың айтуынша, ең төменгі күн көріс деңгейі 2-3 есеге төмендетілген. Ал БҰҰ стандартына сүйенсек, күніне 5 доллар ғана жұмсайтын адамдарды кедейшілік шегіне жеткендер деп санайды. Кедейшіліктің негізгі себебі-жұмыссыздықтан орын алады. Бұл орайда Қазақстан кедейшілік деңгейін азайта алмай отыр дейді сарапшылар.

Жанар Жандосова – «Сандж» зерттеу орталығының жетекшісі; «Кедейшілік көп. Біздегі көрсеткіштер шынайы картинаны көрсетпейді. Ал адамдардың азық-түлікке қанша жұмсап жатқанын қарасақ. Табыс көзінің жартысын тамаққа жұмсайды. Бұл дегенміміз кедейшілік. Бізде табыс көзінің басым бөлігі азық-түліктен артылмайды. Яғни бізде  кедейшілік көрінісі бар».

Экономистер біздің елде табыс айырмашылығы жер мен көктей дейді.

Халықаралық ұйымның ұсынып отырған мақсаттары негізінде кедейшілікпен де күресіп, теңсіздікті жойып, жаңа жұмыс орындарын ашып, экономиканың дамуын қамтуға болады.  БҰҰ экономикаға жекеменшік секторды көбірек тартуды ұсынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.