Энергеткиа министрлігінің бұрынғы орынбасарларына қатысты сот ісі басталды. Экс вице-министрлер Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібеков қазына қаржысын талан-таражға салды деген күдікке ілінп отыр. Еске сала кетейік, экс вице-министрлер Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазарту бойынша жұмыстарды қабылдау барысында «Аймақ и К» компаниясымен ауыз жаласып, лауазымын асыра пайдаланған. Жақсалиев орындалған жұмыстың көлемі 30 есе артық бағаланғанын біле отырып, жалпы сомасы 863 млн теңгені осы компанияның есеп-шотына аударған.
Елордада эенергетика министрінің бұрынғы орынбасарларын соттап жатыр. Бақытжан Жақсалиев пен Ғани Сәдібеков Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы Қарасу көлін тазартуға бөлінген қазына қаражатын талан-таражға салды деген күдікке ілініп отыр. Тергеудің мәліметінше, Жақсалиев көлді тазарту бойынша жұмыстарды қабылдау барысында «Аймақ и К» компаниясымен ауыз жаласып, лауазымын асыра пайдаланған. 30 есе артық бағаланған жұмысты біле тұра қабылдап, нәтижесінде мемлекетке 746 млн теңге шығын келтірді.
Мұратхан Махметов – Прокурор; «2015 жылы Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлдерді тазалау жұмысын вице-министр Жақсалиев бақылады. Осы кезде қыркүйек-қазан айларында «Аймақ и К» ЖШС көлдерді тазалау жұмыстарын жүргізді. Жақсалиев мердігер ұйымының мүддесі үшін лауазымдық өкiлеттiгін теріс пайдаланып, орындалған жұмыстың көлемі 30 есе артық бағаланғанын біле отырып, актілерге қолй қойды. Сөйтіп жалпы сомасы 863 млн теңге мердігердің есеп-шотына аударылған. Сот сараптамасының қорытындысы бойынша аяқталмаған жұмыстардың құны 746 млн теңгені құрады».
Айыпталып жатқан екі бірдей вице-министрлердің қорғаушылары, бұл істе нақты дәлел жоқ деп отыр. Мәселе, жобаның қымбатқа түсуінде болып тұнр. Ал энергеткиа министрлігінің алуазымды тұлғалары оның арзан жолын іздеу үшін шара қолданбаған. Яғни көп ақша бар жерде, ұрлық бар деген сөз. Қорғаушылар қымбат жобаға ақша да көп кететін айтады. Ал оны жүзеге асыру үшін заманауи технология, жабдықтар қолданылады деп сендіреді адвокаттары. Ең бастысы бұл істе мемлекетке келген шығын жоқ дейді олар.
Қарлығаш Әйтенова – Адвокат; «Егер бізде жәбірленуші жағы материалдық тұрғыдан кінарат жоқ болса, шығын жоқ. Энергетика министрлігінің өкілі Махметовтен жауап алғанда, ол энерегткиа министрлігіне шығын келтірілген ешір қаржылық құжаттар жоғын айтады. Осыған орай материалдық шығын жоқ болса, қандай қылмыстық іс туралы айтуға болады».
Ал екінші экс вице-министр Ғани Сәдібеков заңсыз түрде млрд теңге алған дейді айыптаушы жағы. Ғани Сәдібековке «Аймақ» мердігерлік ұйымының басшысы Д. Дуанбекпен сөз байласып, Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі мөлшердегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылып отыр. 2017 жылы атқарылған жұмыс көлеміне 3,6 млрд теңге беріліп, осы сомадан 1 млрдт теңге жымқырылған. Яғни екі лаузамыды тұлғаның да ісі Бурабайдағы көлдерді тазалауға қатысты болып отыр. Қылмысқа энергетика министрлігінің тағы алты адамының қатысы бар.