Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Заң талаптары күшейтілді

c 16:54, 09/01/2020 c 632

0:00 / 0:00

Зорлау, кісі өлімі, мал ұрлығы, браконерлік, есірткі қылмысымен айналысқан жандарға жаза күшейтілмек. Мас күйінде көлік жүргізген азаматтарда сотталып, максималды тұрғыда өмір бойы көлік жүргізу құжатынан айырылады. Заңнамадағы өзгерістерді облыстық полиция департаментінің мамандары түсіндірді. Өткен жылдың қыркүйегінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында бірқатар заң талаптарының өзгерістерге ұшырайтындығын айтқан еді.

Биыл БҚО 407 мал ұрлығы тіркелген. 247 істің тергеу жұмыстары аяқталып, сотқа жолданған. Сала мамандарының дерегіне сүйенсек, 35 қылмыс ауыр деп бағаланып отыр. Мал ұрлығына тосқауыл болу үшін заңнамаға енген өзгерістер қаңтардың 11-нде өз күшіне енбек. Бұған дейін осы қылмыс жалпы ұрлық ретінде қаралып келген еді. Енді аталмыш қылмыс 188.1 бабы бойынша қаралып, мал ұрлығы бөлек қаралып, қылмыс жасағандар 5 жылға дейін сотталады. Сондай-ақ, ұрлықтың соммасы көп болса, қылмысты топ болып жасаған баукеспелер зардап шеккен тараппен татуласу құқығынан айырылып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Қылмыстық кодекстегі тағы бір өзгерту мас күйінде көлік жүргізген азаматтарға қатысты болып отыр. Полиция қызметкерлері ащы суға тойып, темір тұлпарды тізгіндеудің өзі қылмыс,- дейді. Жаңа заңнамаға сәйкес мас күйінде көлік жүргізгендер, он жылға дейін бас бостандығынан айырылып, өмір бойы жүргізуші құжатынан айырылады.

Сондай-ақ, көші-қон заңнамасы да өзгеріске ұшырап отыр. Өзге елдің азаматтары еліміздің аумағында 30 тәулікке дейін бола алады. Ал, осы уақыт өткеннен кейін шетелдікті шақырған жеке тұлға немесе заңды тұлға тіркеуі тиіс. Заңнамада өзге елдің азаматын шақырып отырған қазақстандыққа жауапкершілік күшейтілген.

Енді адам ұрлағандар, есірткі тасымалдап, оны саудалаған адамдар өмір бойы бас бостандығынан айырылады.Нашаны жасырын жарнамалаған адам 6 жылға дейін түрмеде жазасын өтейтін болады. Сондай-ақ, адам зорлап, ұрлап, өлтіргендер өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Заң күшейтілді. Енді тергеуді бұрмаламай әділ жүргізетін полиция, әділ шешім шығаратын сот болсын деп тілейік.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.