0:00 / 0:00
Орал қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады. Бірнеше күн бойы жұмыс жасамай қалған орталық тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетуді жалғастырып жатыр.Ал, жұмыстың уақытша тоқтауына қызметтік базаның жаңғыртылуы себеп болған. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы күніне 1500-2000 тұрғынға мемлекеттік қызмет көрсетеді. Аталған мекеме жұмысын жандандыру үшін еліміздің барлық аймақтарында да компьютерлік база жағыртылды. Яғни жылдың басында жүйені толыққанды тексеріп, олқылықтардың орнын толтыру жыл бойы сапалы жұмыспен қамтамасыз етудің кепілі болып саналады.Тұрғындарға жыл басында бірнеше күн бойы мемлекеттік мекеменің жұмысы уақытша тоқтатылатыны туралы ақапарт алдын-ала таратылған.Бүгінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы 100 ден аса мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Олардың 70 пайызы автоматтандырылған