Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Медициналық сақтандыру іске қосылды

c 16:19, 08/01/2020 c 540

0:00 / 0:00

2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап Қазақстанда "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандандыру қоры" өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда 600 мыңнан астам батысқазақстандық емханаларда тіркеліпті. Десек те, 13 мыңнан астам азамат өзінің статусын анықтамаған. Сала мамандары аталмыш санаттағы жандар 1-ші сәуірге дейін статустарын анықтамаса, бірқатар медициналық қызметтен қағылатындығын айтады.

Бірнеше мәрте жұмысы кейінге шегерілген қор биылғы жылдың бірінші қаңтарынан бастап, өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 233 млрд теңгедей қаражат жиналыпты.

Бүгінде 13 мыңнан астам адам өзінің статусын анықтамапты. Статусын анықтамаған жандарға тек жедел жәрдем, санитарлық авиация, бастапқы медициналық санитарлық көмек, шұғыл стационарлық көмек көрсетілмек. Ал, статусын анықтап, қорға ақша аударған адамдар ересектер мен балаларды профилактикалық тексеру, консультациялық диагностикалық көмек пен қымбат зертханалық қызметтер мен балалар мен жүкті әйелдерге арналған стоматологиялық қызметтерге жүгіне алады. Ем-дом баршасы дәрігердің жолдамасымен іске асады.

БҚО 46 медициналық ұйым медициналық сақтандыруға қатысады. Олардың оны- жекеменшік.

Мемлекет мүмкіндігі шектеулі, балалар үшін қандастар үшін жалпы алғанда он бес түрлі категория бойынша қорға ақша аударады. Биылғы жылдан бастап жұмысшы жалақысынан 1 пайыз, жұмыс беруші жалақы қорынан 2 пайыз, жеке кәсіпкерлер ең төменгі жалақының бес пайызын қорға аудара бастайды. Барлық туындаған сауалдар бойынша 1406 телефон нөміріне қоңырау шалуға болады.

 

 

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.