0:00 / 0:00
«Ақ жол» партиясының парламенттік оппозиция туралы заң жобасы дайын. Өздеріңізге мәлім, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық кеңестің екінші отырысында парламенттік оппозиция мәртебесін қалыптастыру туралы тапсырма бергенді. Ал «Ақ жол» демократиялық партиясы мұндай жобаны 2013 жылы әзірлеп, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан жоғары бағаланған болатын. Қазір партия парламенттік оппозиция туралы заң жобасын жетілдіруде.
Бүгінде ел Парламентінде үш саяси партияның өкілдері отыр. Басымдық билік партиясы Нұр Отанға берілген. Парламенттегі комитет төрағалығын осы партияның өкілдері тізгіндеген. Ал Ақ жол мен Коммунистік партиялардың өкілдерінің саны айтарлықтай аз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық кеңестің екінші отырысында парламенттік оппозиция құру туралы тапсырма бергенді. Ол үшін Үкіметке тиісті заң жобасын әзірлеуді жүктеді.
Ал парламенттік оппозиця құру үшін Үкімет пен өзге париялар заң жобасын әзірлегенше, Ақ жол партиясы өз жобасын ұсынып отыр. Айта кету керек, Ақ жолдықтар бұл жобаны 2013 жылы әзірлеп, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан жоғары баға алған болатын. Қазір партия парламенттік оппозиция туралы заң жобасын жаңартып, жетілдіруде. Ендігі бүгін яғни 5 қаңтардан бастап Парламент деуптаттары аймақтарды аралауға кіріскені мәлім. Өңірде жүрген партия төрағасы Азат Перуашевпен хабарласып, өздері ұсынып отырған құжаттың ерекшелігін сұрадық. Партия бұл қадамға Парламенттегі теңсіздіктің жоқтығынан бардық деп отыр. Араға жеті жыл салып, ақжолдықтардың арманында үміт пайда болды.
Сондай-ақ, әр партияның депутаттарының арасынан Мәжіліс Төрағасының орынбасарлары және комитеттер төрағалары болуды ұсынады. Оппозиция үшін республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау комитеті төрағасының лауазымын бекітуді, маңызды оқиғаларға қатысты парламенттік тыңдаулар мен тергеулерді бастау, үкіметтік заңдарға балама заң жобаларын енгізу,парламенттік оппозиция өкілінің парламент отырыстарында сөз сөйлеуін қамтуды ұсынады. Азат Перуашевтің айтуынша, парламенттегі саяси партиялардың ұстанымы, жұмысы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық тапсырыстар арқылы тең жариялануы тиіс. Және биліктің партиясымен тең бюджеттік қаржыландыру болуы керек.
Саяси партияларға митингілер өткізуге кедергілер болмауы қажет дейді.
Жобада оппозиция депутаттарының өз өкілеттіктерін кедергісіз жүзеге асыруы, парламенттік иммунитеттен және мандаттан айырудан тек өз фракцияларының келісімімен шешуі қарастырылған. Еске сала кетейік, өткен жылдың соңында болған ұлттық кеңесте президент саяси партиялардың санын арттыру үшін, партия мүшелерінің санын екі есеге қысқартып, кем дегенде 20 мың мүшесі болуы тиіс дегенді.