0:00 / 0:00
Орал қаласында жаңа жыл күндері 14 сәби дүниеге келген. Олардың сегізі- қыз бала. Дәрігерлер шақалақтар мен олардың аналарының жағдайы жақсы екендігін, сол себепті нәрестелі болған аналар үйлеріне шыққандығын айтады.
2020 жылдың алғашқы тәулігінде қалалық көпбейінді ауруханада 14 сәби дүниеге келген. Нәрестелердің алтауы ұл. Сала мамандары жыл санап шаһарымыздағы ауруханада туылған балалардың саны артып келе жатқанын айтады. Мәселен, 2017 жылы шақалақтардың саны 4 мыңнан асып жығылса, өткен 2019 жылы 5500-ден астам нәресте осы мекемеде дүниеге келген.
Отыз бірінен біріне қараған түні он екі онда алғашқы сәби дүниеге келіпті. Жаңа туған шақалықтың салмағы 3 келі 700 грамм болған. Мереке күндері босанған жас аналардың жағдайы жақсы болғандықтан көбі үйіне шыққан. Алайда, дәрігердің бақылауда отырған жас аналар да бар. Жаңа он жылдықтың алғашқы күнінде ұл тапқан жас ана баласына ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтың есімін берген.