Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұрып өлтірген

c 15:17, 30/12/2019 c 555

0:00 / 0:00

Оралдық 32 жасар Қуаныш Ахметов жаңа жылдық қыдырыстан соң кісі қолынан қаза болды. Оның өліміне «Сова» жеке күзет агенттігінің қызметкерлері күдікті деп танылып отыр. Қуаныштың апасы Бақыттың айтуынша марқұм жұмыстастарымен бірге 24 желтоқсан күні мерекелік шарада болған. Мейрамханада өзге мекемелер қызметкерлері болыпты. Көңіл көтеру барысында ішімдікке қызғандар өзара дауласып қалған мыс. Кейін тысқа шығып жаға жыртысқан жігіттерді ажырату мақсатында мейрамхана әкімгерлері тәртіп сақшыларын шақыртады. Осы орайда полицейлер Қуанышты наркологиялық орталыққа әкеледі. Осы жерде 32 жасар оралдық шу шығарыпты.Күзет қызмектерлері оны орталықтан алып кетеді. Кейін олардың арасында тағы да дау туындаса керек. Наркологиялық орталық маңындағы жанар-жағармай бекетіндегі бейнежазбаға көз жүгіртсек, марқұм өзіне көңіл аударту мақсатында әрекет жасағаны байқалады. Бүгінде марқұмның соңында кішкетай қызмен жолдасы қалды. Жеке күзет қызметінің басшылығы сол шақыртуға барған қызметкерлерді жұмыстан шығарғанын мәлімдеді. Шамамен аталған күзет мекемесінде 130-ға жуық адам еңбек етуде. Ал қылмысқа қатысы бар деп күдікті ретінде танылып отырған екеудің бірі - Абзал осыдан екі жыл бұрын бір бүйрегін бейтаныс қызға беріп, оны ажалдан араша алып қалған еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.