Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Билік өзгеріске дайын

c 17:42, 20/12/2019 c 648

0:00 / 0:00

Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өтті. Мемлекет басшысының қатысуымен өткен жиында саяси өзгерістер жайында айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев, бұған дейін ұлттық кеңесте көтерілген бірқатар мәселелер бойынша нақты шешімдерді атады. Митингі туралы жаңа «бейбіт жиындар» деген заң жобасы әзірленетін болды. Елдегі саяси партия мүшелерінің саны екі есеге азаяды. Парламентте оппозия пайда болмақ. Жала жабу бабы жұмсартылады. Ұлттық кеңестен толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.

Қоғамның жанайқайын талқылайтын ұлттық кеңестің екінші отырысы журналистер үшін кедергілермен басталды. Кеңестің бірінші отырысында қызыл жіптен өте алмасақ, бұл жолы биік қамалдар қойып қойған. Кеңес отырысына келген БАҚ өкілдері үшін бұл күтпеген жағдай болды. Жиын барысын бөлек залда бақылап отырдық. Не керек, отырыс басталып кетті.

Билік қоғамды алаңдатып отырған митинг мәселесіне қатысты бір мәмілеге келуге дайын. Президент жаңа "Бейбіт жиындар" туралы заңның жобасы әзірленетінін айтты.

Саяси өзгерістердің тағы бірі-саяси партиялар құруға кедергі болып жатқан мәселелер шешімін таппақ. Қазір партия құру үшін кем дегенде 40 мың мүшесі болу керек болса. Тоқаев оның санын екі есеге қысқартып отыр.

Мемлекет басшысы Парламентті оятуға кірісті. Бүгінде басым бөлігі билік партиясынан құралған парламентте үш партия отыр.Енді Президент елге парламенттік опоопзиция керек дейді. Сонда ғана халықтың мұң-мұқтажын назарға алған заңдар пайда болмақ.

Тоқаев осыған орай үкіметке президент әкімшілігімен бірлесіп, тиісті ұсыныстар мен заң жобаларын әзірлеп, парламентке енгізуді тапсырды.

Ұлттық кеңес қол жеткізген тағы бір жаңалық-Қылмыстық Кодекстегі 130 бап. Жала жабу бабы енді әкімшілік жауапкершілікпен жұмсартылып отыр.Бұл ең алдымен  БАҚ үшін басты жаңалық .

Сондай-ақ, Президент теңгенің тұрақтылығын қамту үшін Ұлттық банкке тиісті тапсырма берді. Қазақ тілін реформалауды, латын әліпбиін  толық дұрыс нұсқасы жасалмай шегере тұруды ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.