0:00 / 0:00
Орал қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы антикор деп аталатын арнайы кеңсе ашылды. Аталмыш ғимарат сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментің қасында орналасқан. Жаңадан ашылған нысанға азаматтар түрлі сауалдарын жолдай алады.
Облыс орталығында бұқараны толғандырған сауалдарына жауап беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін арнайы антикор ғимараты ашылды. Нысанның салтанатты ашылуына елордадан агенттік төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар арнайы табан тіреді. Жаңадан іске қосылған нысанда азаматтар электронды кезек арқылы мамандарға жолыға алады.
Ғимараттың екінші қабатында сервистік орталық пен тілшілермен тілдесіп, баспасөз мәслихатын ұйымдастыратын арнайы конференц зал бар. Сала мамандары жаңа нысанда бас қосып, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресіп жатқандықтарын баяндап берді.
Оралда ашылған антикор орталығы еліміздегі жетінші нысан болып отыр.