0:00 / 0:00
Оралдық 140 есепші жұмыссыз қалмақ. Келесі жылдан бастап енгізілетін білім саласындағы жаңалық жүздеген маманның жұмыстан қысқаруына алып келмекші. 2020 жылдың қаңтарынан бастап мектеп директорларының жұмысын жеңілдетіп, жемқорлықтың алдын алу үшін мемлекеттік сатып алу мен барлық есеп- қисапты және шаруашылық жұмыстарын жаңадан құрылатын "Білім сервис" мекемесі іске асырады деп жоспарланып отыр. Осы жаңалықты естіп, келер жылдан бастап қызметтен тысқаратын бугалтерлер облыстық кәсіподақ мекемесіне, "Нұр Отан" партиясына барып мұң-мұқтажын айтып берді. Жұмыстан босаймыз деп дабыл қаққан мамандарға атқарушы билік қандай көмек көрсетеді?
Келер жылдан бастап білім саласындағы өзгерістерге байланысты Орал қаласында қызмет жасайтын 140 есепші жұмыссыз қалмақ. Енді келесі жылдан бастап жаңа "Білім сервис" іске қосылады деп күтілуде. Осының кесірінен жүздеген маман қызметтен шеттетілмек. Мамандар жұмыстан қағылсақ, отбасымызды қалай асыраймыз деп отыр.
Есепшілер басындағы базынасын айтып облыстық кәсіподақ өкілдерінен араша сұрап келді. Сала мамандары проблема төңірегінде алғаш рет естіп отырғанын айтып, қала әкімі мен облыстық білім басқармасының басшысымен кездесіп, мәселені шешу үшін жолығатындығын жеткізді.
Кейін, оралдық мамандар "Нұр Отан" партиясының қабылдауында болды. Есепшілер неліктен аталмыш өзгеріс біздің қаладан басталды деп отыр. Білім сервиске де не бары 65 маман жұмысқа қабылданбақшы. Кездесуге келген қала әкімінің орынбасары жаңадан ашылатын нысанға бірінші кезекте, зейнетке шығуына бірнеше жыл қалған мамандар, көпбалалы, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жандарды жұмысқа қабылдаймыз деп отыр. Қалған есепшілер жұмыспен қамту орталықтарынан өзге мекемелерден вакансия ұсынылмақ.
Оралдық есепшілер ақпанның біріне дейін мектепте қызметтерін жалғастырады. Оған дейін, олардың қолына жұмыстан қысқарту туралы хабарлама беріліп, бір айлық жалақы көлемінде өтемақысын алады.