Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауруханада жатып ем алу неліктен үлкен мәселе?!

c 17:40, 18/12/2019 c 685

0:00 / 0:00

Шаңырақтың ұйытқысы - әйелден хал кетсе, үйдің шырайы бірге қашатыны бесенеден белгілі. Айгүл Сүндетова төсекке біржола танылмаса да, денсаулығы көрер көзге солғын тиері анық. Вирустық гепатитің В, С түрімен ауырады, енді дертіне қаназдық тағы қосылды. Қазір әлсіздіктің салдарынан омыртқасы майысып, халі күрт нашарлаған. Тұрмыстың қажеттілігінен еден жуушы болып жұмысқа тұрғанымен, 1 айдың 20 күнін жұмысқа жарамсыздық парақшасымен толтырып келеді. Оның бар қалауы - 14 жыл бойына аурханадан алмаған тиесілі ем-дом шараларын алу. Еске салсақ, биылғы жылы елімізде 67 мыңнан астам адам вирустық гепатит дертімен ауырса, олардың 5 мыңға жуығына алғаш рет диагноз қойылған. Кейіпкеріміз Айгүл Сүндетованың денсаулығы, өзі тіркелген №1 қалалық емхана ақ халаттыларының назарында екен. Дәрігерлер Айгүлдің 2004 жылдан бері қаназдық диагнозымен тиесілі емін алып жүргендігін, сондай-ақ жуырда компьютерлік томография, МРТ тексерістерінен тегін өткендігін айтады. Алайда, оның денсулығы жиі сыр беретіндіктен, жедел жәрдемге жиі жүгінуді әдетке айналдырған. Ал, жедел жәрдем мамандары, оның қан қысымын төмендетіп, дәрі егіп кететін көрінеді. Сала мамандары атап өткендей, жоспарлы түрде ем қабылдауда жергілікті емханалар маңызды рөл атқарады. Медициналық көмектің бұл түрі созылмалы аурулармен ауыратын пациенттерге көрсетіледі. Осы санатқа жатқызылған Айгүл Сүндетованың жағдайы ақ халаттылардың назарында болып, оның қазіргі қалауы ескерусіз қалмайды, - деп үміттенеміз.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.