0:00 / 0:00
Бұл мерекенің еліміздің тарихында, халқымыздың тағдырында алатын орны ерекше. Себебі, кез келген ұлт үшін Тәуелсіздік пен Теңдік, Азаттық пен Елдік, Береке мен Бірлік - ең қымбат, ең асыл ұғымдар. М. Өтемісов атындағы БҚМУ жетістігі Тәуелсіз еліміздің мерейінің үстем болумен байланысты», - деп атап өтті өз сөзінде ректор Нұрлан Серғалиев. Мерекелік басқосуда егемендік алу жолындағы ата-бабаларымыздың кешкен қиындығын баяндаған шағын бейнеүзік көрсетілді. Сондай-ақ, іс-шара аясында университеттің бірнеше қызметкері ғылым мен білім саласының дамуына және университет өміріне белсенді атсалысқаны үшін марапатталды. Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылған басқосу мерекелік концертке ұласты.