0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында газ өндіретін зауыттың үшінші кезеңі іске қосылды. Өндіріс ошағы Чинарев мұнай және газ конденсаты кен орнында орналасқан. Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.
Батыс Қазақстан облысында көгілдір отын өндіретін зауыттың үшінші кезеңі іске қосылды. Аталмыш нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізуге батысқазақстандық компаниялар да ат салысқан. Облыс әкімі зауыттың үшінші кезеңінің іске қосылуына арнайы барып, құтты болсын айтты.
Жаңа нысанда табиғи газды өндіріп, оны кондетсат, сұйық және құрғақ газға дейін ыдыратады. Сала мамандары замануи техника сағатына 250 мың куб тауарлық газ, 220 тонна конденсатты өндіруге қауқарлы,- дейді.
Күні бүгінге дейін аталмыш өндіріс ошағынан 600 мың тонна болатын конденсат бен 800 млн куб құрғақ газ шетелге экспорталыпты. Зауыт 2022-2023 жылдарытолыққанды қуаттылығын арттырып,жылына 4,2 млрд куб газ өндіруді жоспарлап отыр.