0:00 / 0:00
Қауіпсіз жол шынымен де қауіпсіз бе. Орал қаласында полиция қызметкері тағы да кісі қағып кетті. Бұл жолы полиция қағып кеткен әйел адам аурухана төсегінде көз жұмды. 7 желтоқсан күні түнгі сағат 3:00-де жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, аға лейтенант Медет Рахадилов өз көлігімен 1990 жылғы әйел адамды қағып кеткен. Оқиға Жәңгір хан көшесінде болған. Полицияның үстінен қылмыстық іс қоғалып, ол уақытша қамауға алынған. БҚО әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Александр Плешаковтың хабарлауынша, желтоқсанның 2-сі күні таңғы сағат 6:00 шамасында Тасқала ауданы орталығындағы М. Мәметова көшесінде жол-техникалық инспекциясының мемлекеттік аға инспектор Сәкен Қазжанов «жолдан өтіп бара жатқан 1953 жылғы тұрғынды өзінің «Шевроле Нива» көлігімен қаққан.18 қараша күні сағат 23:30-да облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкері, полиция лейтенанты Ринат Баймұқашев Орал қаласының Жәңгір хан - Брусиловский көшелерінің қиылысында жол шетінде кетіп бара жатқан 1998 жылғы қыз баланы қағып кеткен еді. Сол күні полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, облыстық полиция департаментінің тәртіптік кеңесінің шешіміне сәйкес қызметінен босатылды. Бүгінге дейін жәбірленуші Лариса Еспаева ауруханада ауыр халде жатыр. Еске сала кетеміз қазір Орал қаласында қауіпсіз жол акциясы жүріп жатыр.