Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көпшілікке керек көпір

c 17:47, 09/12/2019 c 574

0:00 / 0:00

Үшінші мәрте өткізілген қоғамдық тыңдауда тұрғындардың басым бөлігі жаңа көпірдің салынуы қажет деген байламға тоқталып, бұл жобаның тиімділігін жарыса жеткізді. Қаладағы жоғары аграрлық техникалық колледжінің мәжіліс залында өткен қоғамдық тыңдауда аталмыш жобаның жетекшісі «Алматыдорстрой» жобалау ұйымының өкілі Захар Павлушин көпір құрылысының сызбасын егжей-тегжейлі түсіндіріп, көпшіліктің көкейіндегі күпті ойды сейілтті.Жаңа жобаға сай көпір құрылысы мәдениет және демалыс саябағынан қашық орналасқан және жасыл-желектер толықтай жойылмайды. Жабайы 700-дей тал-терек кесілгенімен, орнына жас теректер отырғызылады. Ал қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Нұрбаевтың мәлімдеуінше, бұл мәселе қоғамдық кеңестің отырысында бүге-шігесіне дейін талқыланған.
Сондай-ақ қалалық мәслихат депутаты Тұрарбек Тілемісов қалада тұратындар кент тұрғындарының жай-күйін түсінбейтінін тілге тиек етіп, дамып келе жатқан шағынауданмен екі аралықты жалғайтын көпір керек екенін алға тартты. Жиында Зашаған кентіне қарасты Брусиловский көшесінің тұрғындары күн сайын қалаға жұмысқа кептелісте тұрып, титықтап қатынайтынын айтып, көпір салуға кедергі болғандарға ренішін білдірді. Халық саны күн санып көбейіп жатқанын айт зашағандықтар көпір керек деп дабыл қақты. Осы уақытқа дейін жасыл желек кесіледі деп қорыққан халыққа табиғат қорғаушылар уәждерінің негізсіз екенін түсіндірді. Айта кету керек, Шаған өзені арқылы өтетін жаңа көпір құрылысы 2020 жылы басталып, 2022 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Жоба құны шамамен 11 млрд. теңгені құрайды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.