0:00 / 0:00
Еліміздің қаржы нарығында 13 жылдан астам жемісті қызмет атқарып келе жатқан "Сбербанк" АҚ-ы өз тұтынушыларын қуантудан шаршамақ емес. Сөзіміздің дәлелі «Пәтер сыйлыққа» акциясының іске қосылуы. Акция кезеңінде Сбербанкте 150 мың теңгеден бастап 6 миллион теңге дейін кепілсіз кредит рәсімдеген кез келген тұтынушы бас жүлде - Нұр-Сұлтан қаласындағы пәтерге үміткер бола алады. Науқан 2019 жылғы 4 қарашадан 31 желтоқсанға дейін. Бұдан өзге, Сбербанк АҚ-ы заман талабына сай несие тапсырыстарын онлайн режимде де қабылдайды. Аталмыш банкте «7-20-25» және «Баспана Hit» ең қолайлы ипотекалық несиелеу бағдарламалары қарқын алуда. Биылғы жылы "7-20-25" бағдарламасы шеңберінде 1 млярд теңгеге сомасына 108 несие берілген болса, "Баспана хит" бағдарлмасы аясында 3 млярд теңгег 500-ге жуық несие ресімделген. "7-20-25" бағдарламасы бастапқы төлем тұрғын үй құнының 20% -дан басталады. Несие мөлшерлемесі - 7%, ал несие мерзімі - 25 жылға дейін. Ал, «Баспана Hit» бағдарамасындағы бастапқы төлем сатып алынған тұрғын үй құнының кемінде 20% -нан басталады. Несие мерзімі - 15 жылға дейін."Сыйға - пәтер" науқанының жеңімпаздарын анықтау - 2020 жылғы 10 қаңтар мен 2020 жылғы 20 қаңтар аралығындағы кезеңде -онлайн-трансляцияда көрсетіліп, ал ұтыс ойынының нәтижелерін Facebook, Instagram, VK әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ Банктің www.sberbank.kz веб-сайтында жариялау арқылы жүргізіледі.Банк мамандарының айтуынша акцияға 100 адам құжат тапсырып үлгерген. «Пәтер сыйлыққа» акциясы туралы толық ақпаратты Банктің байланыс орталығына +7 (727) 250-30-20 нөмірі арқылы хабарласып немесе ұялы телефоннан 5030 қысқа нөміріне (тегін) қоңырау шалып біле аласыздар.