0:00 / 0:00
БҚО мемлекеттік сатып алулар кезінде 54 жемқорлық фактісіне жол берілген.Бұл соңғы екі жылдың есебі.Енді алдағы жылдарда жемқорлыққа жол бермеу үшін арнайы жоба іске аспақ. Республика бойынша алғаш рет Ақ жайық өңірінде жұмыс жасайтын жобаның мақсаты: қазынадан бөлінген қаражаттың талан-таражға түспеуін қадағалау.
БҚО екі жылдың ішінде мемлекеттік сатып алу процесінде 54 жемқорлық дерегі тіркеліп отыр. Өткен жылы қазынадан бөлінген қыруар қаржыны қалтаға басқан 30 дерек болса, биыл 24 анықталыпты. жемқорлықтың кесірінен мемлекетке 475 млн теңге көлемінде зиян келіпті.
Сала мамандары жақында Бөрлі ауданы әкімі аппаратының басшысы мемлекет қаржысын жымқырғаны үшін заң алдында жауапкершілікке тартылғанын айтады. Экс-басшы 2 млн 700 мың теңге қалтаға баспақ болған. Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу процесінде бір тауарды түрлі мекеме әртүрлі бағаға сатып алып отырған деректер тіркеліп отыр. Мәселен, 92 маркілі бензинді "Жайық жылу қуат" мекемесі 1литрді 138 теңгеге, ал, Бөрлі ауданы әкімінің апараты аталмыш жанар-жағармай үшін 129 теңге, төтенше жағдай департаменті отынды 151 теңгеге сатып алып келген. Мемлекеттік сатып алу процесінде жемқорлыққа жол бермес үшін облыс көлемінде жаңа жоба іске қосылмақ.
Жаңа жоба қазынадан бөлінген қыруар қаржысының талан-таражға түсіп, қалтаға басатын деректеріне көз жұма қарай алмайтын жандардың басын біріктіріп, жемқорлыққа тойтарыс беруді көздейді. Жоба қатысушыларына арналған алғашқы семинар тренинг 14-желтоқсанда ұйымдастырылмақ.