Елордада әскери қоян-қолтық ұрыстан V халықаралық турнирден жерлесіміз жеңіспен оралды. Полиция сержанты, спортшы қызымыз Құралай Қабырай әскери қоян-қолтық ұрыстан 55 келі салмақ дәрежесінде 2 орынды еншіледі. 26-30 қараша күндері Нұр - Сұлтан қаласында өткен аталмыш халықаралық турнирге Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Моңғолия, Беларусь және Армениядан 400-ге тарта спортшы келіп қатысқан болатын.