0:00 / 0:00
Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған «Орал трансформатор зауыты» өнімінің 90 пайызын экспортқа шығарды. Өндіріс ошағының түтіні биыл да түзу «ұшуда». 2020 жылдың көктемінде зауыт тағы бір жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.Одан басқа қазақстандық өнім ел нарығында да, батыс өңірінде де өтімді. Сондықтан компания алдымен батыс өңірдегі электр желілерін таратушы және мұнайгаз компанияларымен әріптестік байланыстар орнатып отыр.Өнім өндіру осы мерзімде 100 пайызға өсті. Жыл басындағы жағдаймен салыстырғанда, жаз шыға кәсіпорын өніміне сұраныс көбейген. Ай сайын өнім сату бөлімі өңірлерден түскен сұраныстарды есепке алып, сол өңірлерге барып өнім өткізу жөнінде жұмыстанады. Ресейдің түкпір-түкпірінен бөлек, европа елдерінен де сұраныс артуда. Алдағы жылы қосымша панелді трансформатор зауыты іске қосылмақ. Құрылыс жұмыстарыныңм 60 пайызы аяқталған.Кәсіпорында бүгінде 250 адам еңбек етіп жатса, алдағы екі жылда олардың санын 1000-ға өсіру жоспарланып отыр. 2021 жылдан бастап жұмысшыларды баспанамен қамту ісі де қолға алынғалы отыр. Жұмысын бастаған 4 жыл ішінде зауытта 25 мың трансформатор жасалған.